28-29 қазан күндері аралығында мектепішілік 5-11 сыныптар арасында
28-29 қазан күндері аралығында мектепішілік 5-11 сыныптар арасында пәндік олимпиада өткізілді. 28 қазан күні I кезең өткізілсе, 29 қазан II кезең өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық қабілеттерін шыңдау, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, шығармашылық және логикалық ойлау дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, пәндер бойынша дарынды және қабілетті оқушыларды анықтап, олардың білімін бағалап, алдағы облыстық, республикалық олимпиадаларға дайындау.