21
октябрь
2021
«Парасатты отбасы 2021» байқауы өткізілген болатын
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады.Осыған сәйкес, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында облыс көлемінде «Парасатты отбасы 2021» байқауы өткізілген болатын, сол байқауда Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы атынан Хусайновтар әулеті "Ең салауатты отбасы" номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орын алып, қаржылай сертификат иегерлері атанды.


