Жеңістеріңіз құтты болсын!
Халықаралық өткен байқаудан Ш. Уалиханов мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары жүлделі 1,2 орынды дипломдармен, медальдармен марапатталды. Тәлім-тәрбие, білім берген ұстаздары М. Арыстанбековке, А. Амандосқа, Н. Дауренбековаға алғыс білдіреміз! Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімді, саналы ұрпақтар саны арта берсін!