Сауалнама

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 2024-2025 оқу жылының 5 ақпандағы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан ата-аналарынан алынған сауалнаманың қорытындысы.
Мақсаты: Ыстық тамақпен қамтылған балалардан және олардың ата-аналарынан сауалнама алу арқылы, асханадағы беріліп жатқан тамақтың сапасын, жәй-күйін зерделеу. 2024-2025 оқу жылының 5 ақпандағы мектептегі ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушылардың ата-аналарынан мектептегі асхананың тамақ беру сапасына қаншалықты көңілдері толатынын, тамақ дәмді немесе дәмсіз екенін анықтау үшін сауалнама алу.
Сауалнама нәтижесінде: 7-8 сыныптарынан жалпы 51 ата-анадан сауалнама алынды.
- Мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету тиімді деп санайсызба деген сұраққа барлық ата-ана «ия» деп жауап берген.
- Сіздің балаңыз үйден таңғы, түскі ас ішіп шығады ма? деген сұраққа 39 ата-ана «ия» деп жауап берсе 12 ата-ана «жоқ» деп жауап берген.
- Сіздің балаңыз мектеп асханасынан тамақ ішеді ма? деген сұраққа 12 ата-ана «ия» деп жауап берсе, 39 ата-ана «жоқ» деп жауап берген
- Сізді мектеп асханасының ас мәзірі қанағаттандырадыма? деген 29 ата-ана «ия» деп жауап берсе, 22 ата-ана «жоқ» деп жауап берген.
- Сіздің балаңыздын ішетін ас мәзіріме танысып көрдіңізба? деген сұраққа 30 ата-ана «ия» деп жауап берсе, 21 ата-ана «жоқ» деп жауап берген.
- Күнделікті ас мәзірі туралы ақпаратты қадағалап отырасыз ба? деген сұраққа 26 ата-ана «ия» деп жауап берсе, 25 ата-ана «жоқ» деп жауап берген.
- Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша мәліметтерді қайдан алып отырасыздар? деген сұраққа 36 ата-ана сынып жетекшісінен деп жауап берсе, 15 ата-ана жоқ деп жауап берген.
- Сіздің балаңызға мектеп асханасының тамағы ұнайды ма? деген сұраққа 40 ата-ана ия деп жауап берсе, 11 ата-ана жоқ деп жауап берген.
Ұсыныс: Күнделікті менюды арнайы QR кодпен кіру туралы ата-аналарға сынып жетекшілер тарапынан қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Алынған сауалнама нәтижесінде ата-аналар тарапынан түскен ұсыныс пен шағым бойынша балаларының күнделікті тамақ ішу уақытында сол ата-аналар асханаға келіп, ас мәзірімен таныссын.
Қорытынды жазған Б.С.Тенлік