12
февраль
2026
«Даналық мектебі» жобасы аясында «Әже даналығы» атты тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор байқау өткізілді
Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әже даналығы» атты тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор байқау өткізілді. Қазақ халқы «Әже – отбасының берекесі, ұрпақтың жүрегіне жол табар шежіре» деп бекер айтпаған. Әже – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір, әр шаңырақтың ақылшысы, мейірімнің шуағы, тәрбиенің қайнар көзі. Әженің әрбір айтқан сөзі – даналық, әрбір берген батасы – өмірлік бағдар.
Бұл байқаудың мақсаты – әжелеріміздің өнегелі өмір жолын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, немере мен әже арасындағы рухани байланысты нығайту, тәрбиедегі рөлін арттыру.








Бұл байқаудың мақсаты – әжелеріміздің өнегелі өмір жолын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, немере мен әже арасындағы рухани байланысты нығайту, тәрбиедегі рөлін арттыру.







