06
сентябрь
2018
Мектепке барар жол
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 2018-2019 оқу жылының 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке барар жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында жалпыға міндетті білім қорынан аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жайсыз отбасынан шыққан 30 бала мектепке қажетті киім-кешекпен ( ақ жейде, шалбар/белдемше, аяқ-киіммен) қамтамасыз етілді. Демеушілер тарапынан «Айгөлек» бала-бақшасының меңгерушісі Г.И.Мороз аз қамтылған,толық емес отбасынан шыққан 5-сынып оқушысы Медведева Ксенияға ақ жейде,белдемше, аяқ-киім және сөмке барлығы 15000 мың теңгені құрайтын киім-кешекпен қамтамасыз етті. Сарысу ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан 4-сынып оқушысы Бахшиева Каринаны бағасы 15000 мыңды құрайтын(сөмке, ақ жейде, жемпір,белдемше,аяқ-киіммен), халықтық банкінің меңгерушісі Сушина Майраның демеушілігімен аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан 1-сынып оқушылары Атай Мадияр, Әжібек Данияр, Черных Антонға әрқайсысы бағасы 5000 мың теңгеден құрайтын сөмкемен және оқу құралдарымен қамтамасыз етсе, мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмаханова әлеуметтік көмекті қажет ететін 5-сынып оқушысы Ажибек Дамирға 10000 мың теңге ақшалай көмек берді. Сонымен бірге «Медет» кафесінің меңгерушісі, жеке кәсіпкер Тұңғышбаева Базаркүл 3-сынып оқушысы аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан Ажибеков Алмазға 10000 мың теңге қаржылай берді. Сонымен қатар, жастар орталығының инспекторы Балғабай Бауыржан мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен «Мектепке барар жол» акциясы аясында мектепте аз қамтылған, көпбалалы, жартылай жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жайсыз отбасынан шыққан 10 оқушыға бағасы 30000 мың теңгені құрайтын оқу құрал-жабдықтармен қамтыды. Мектеп әдіскері Тамара Ниязова жайсыз отбасынан шыққан 8 сынып оқушысы Костюк Екатеринаға бағасы 7000 мың теңгені құрайтын спорттық киім сыйлады және аз қамтылған отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Сайн Сүлейменге мектепке киетін бағасы 5000 мың теңгені құрайтын жилет сыйлады.