16
январь
2025
PISA-2023 қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы дипломмен марапатталды.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. "Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету" комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дауеновтың мектептерге арналған PISA-2023 қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы дипломмен марапатталды. Марапатты Жамбыл облысы "Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету" департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы мектеп-гимназия директоры Кулбаев Ержан Жиенбайұлына табыстады. Сонымен қатар департамент басшысы мектеп-гимназияның алдағы уақыттағы жұмысына табыс тіледі.