«Биле, биле» би байқауы
2018-2019 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында мектепішілік «Биле, биле» би байқауына қорытынды
17.11.2018ж.
Мақсаты: Оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясында қараша айының 17-сі күні оқушылардың би өнеріне қызығушылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Биле, биле» байқауы өткізілді. Байқауға 6-9 сыныптардан құралған бишілер тобы қатысады.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең - Таныстыру (1 мин)
2 кезең - Үй тапсырмасы (3-4 мин)
3 кезең - Батл (екі топтың арасында бәсекелестік болған жағдайда)
Байқауда төрағалық ететін қазылар алқалары. Олар:
1. Жастар ресурстық орталығының жастар ісі-жөніндегі инспекторы - Балғабай Б.Б.
2. Педагог-ұйымдастырушы – Усенова М.К.
3. Математика пәнінің мұғалімі - Қарымсакова М.А
4. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Нұрғали Т.А.
«Биле, биле» би байқауында 6 - сыныптар арасында 54 ұпаймен І орынды иеленген 6 «А» сыныбы иеленді, ал ІІ орынды 46 ұпаймен 6 «Г» сыныбы иеленсе, ІІІ орынды 45 ұпаймен 6 «В» және 44 ұпаймен 6 «Ә» сыныптары иеленді. 7 сыныптар арасында 71 ұпаймен І орынды 7 «Ә» сыныбы иеленді. ІІ орынды 66 ұпаймен 7 «А» сыныбы иеленді. III – орынды 60 ұпаймен 7 «В» және 59 ұпаймен 7 «Б» сыныптары иеленді. 8 сыныптар арасында 80 ұпай жинаған 8 «А» және 8 «В» сыныптары иеленді. Екі сыныпта 3 кезең Батлдан белсенділік танытып, өзара сайысып, I –орынды иеленді. II – орынды 59 ұпаймен 8 «Б» сыныбы иеленді. III – орынды 57 ұпаймен 8 «Г» сыныбы иеленді. 9 сыныптар арсында I –орынды 72 ұпаймен 9 «А» сыныбы иеленді. II – орынды 70 ұпаймен 9 «Б» сыныбы иеленсе, III – орынды 60 ұпаймен 9 «Ә» сынып иеленді. Қалған қатысқан сыныптарға белсене қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. «Биле,биле» би байқауын қорытындылай келе байқауға қатысқан оқушылар алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл күй сыйлағандарын айтып, алғыстарын білдірді. «Биле , биле» байқауы өз деңгейінде өткізілді.