26
сентябрь
2018
Ата-аналарға
МЕКТЕПТЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 24-қазан күні ата-аналар
үшін «Ашық есік» күні өтті. Мақсаты: ата-аналарды мектептегі
оқу-тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға
белсене араласуға тарту. Ашық сабақтар, сабақ кестесіне сәйкес барлық
пәндер бойынша өткізілді. Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен жақынырақ
танысуға ата-аналармен бірге әжелер де қызығушылық танытты.
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған оқушылар, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығады. Сондықтан, сабаққа қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының, сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті.Әсіресе,қазақ тілі және математика сабақтарында оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеген жағдайда, олардың сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артатынын байқады.