01
июнь
2021
Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы халықаралық күнтізбеге тіркелген
# балаеңбегі
Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Еліміздің ұлттық заңнамаларында бала еңбегін шектеу қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Бұл шара бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған. Кәмелетке толмаған балалар кафе-мейрамханаларда даяшы болып, ыдыс-аяқ жуып, сауда сөрелерінде тауарлар мен өнімдер сатып, автокөлік жуу, құрылыстарда жұмыс істеп жүреді, бұл олардың дамуына және білім алуына, болашақтарына кедергі жасайды. Осыған байланысты жыл сайын республикамызда маусым айының 1 мен 12 аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылды. Осы шараға байланысты қашықтықтан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» тақырыбында 5-10 сыныптың оқушылары және ата-аналарымен Б.Сатиева, Б.Давранова, Р.Турсбекова, Ф.Хусенова Ж.Закарияева, Л.Алмағанбетовалардың ұйымдастыруларымен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Басты мақсат-бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, балалардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын алу бойынша ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізу.