Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2018

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік

2018 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында қараша айының 19-21 аралығында  «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыстың хаттамасы №

Қатысқандар: директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Жусупова, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог В.Төлеубаева, ата-аналар, ИДН қызметкері А.Жарасбеков.

І Күн тәртібінде:

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік» Баяндамашы: П.Жусупова

ІІ. Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары П.Жусупова сөз алды. Құрметті ата — аналар! Бүгінгі  жалпы ата-аналар  жиналысына қош келдіңіздер.Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады. Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?

А) Оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды, егерде толқып, бүге — шүгесіне дейін айтса да.

Ә) Оған ұрыспаңыз. Себебі, жәбірленуші бөтен біреу, ал зардап шегуші — сіздің балаңыз.

Б) Оған түсіністік көрсетіп, оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.

В) «Қатерлі ешнәрсе болмады, барлығы да өтеді» деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.

Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп, ұрыс, үрей және ашуға кезіксе, ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.

                                   Ата — ана үшін ескерту:

 Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.Отбасында бала кез келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын қоса, талқылай алатындай арақатынастар жасау керек. Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда, оларды мұқият тыңдаңыз.Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз. Бір — біріңіздіен еш нәрсе жасырмаңыз, себебі, балалар қатерлі жаңғадайларды жиі жасырады. Шынына келсек, бала өмірі-қобалжулар тізбезі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Атажананың есіне отбасының көңіл-күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін естеріне түсіремін. Жиналысты  ата-ана үшін ескертуді таратумен аяқтаймын деп сөзін қортындылады.