23
ноябрь
2021
Мұғалімі Ф.Хусенова 8 сыныптармен «Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұны көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Жалпы адамзаттың құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.Осы адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына сіңдіру, қалыптастыру мақсатында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне орай мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ф.Хусенова 8 сыныптармен «Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар топқа бөлінім, постерлер арқылы өз жұмыстарын қорғап, өз ойларымен бөлісіп, белсене атсалысты.