Құқықтық тәрбие айлығы
2018-2019 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында ақпан айының 11-27 күндері аралығында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында
«Құқықтық тәрбие » айлығының қорытынды анықтамасы
Ақпан айының 11-27 күндері аралығында «Құқықтық тәрбие» айлығы өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өмір сүруге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері: Өз болашағына деген жауапкершілігін арттырып, заң талаптарына сай өмір сүруге қалыптастыру. Мектеп ережесін сақтауға, әдептілікке үйрету.
Ақпан айының 11-і күні 8 «А», 10 «Б» сынып жетекшілері «Тәртіпке бас иген, құл болмайды» мектеп фойесінде стенд жасады. Ақпан айының 12-і күні сынып жетекші М.Ниетбекова «Мектеп ережесі-біз үшін заң!» тақырыбында сыныптан тыс іс-шараны 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сыныптарымен өткізді. Мақсаты: мектеп туралы ұғымдарын тереңдету. Оқушы бойынан патриоттық сезімін ояту. Ойын арқылы өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Оқушылар мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелерін, сабақ кезіндегі тәртіптің қандай болу керектігі, сабақ басталғанға дейінгі, үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі оқушы тәртібі қандай болу, үзілістер кезіндегі оқушы міндеті, оқушы ережесі туралы айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Тәртіп бұзған бала» атты көрініс қойылып, талқыланды. Оқушылар дұрыс-бұрыс жақтарын айтты. Сонымен қатар «Мектеп ережесі-біз үшін заң!»тақырыбында үй тапсырмасына эссе берілген, оқушылар мәнерлеп оқып шықты. Ақпан айының 11-і күні 5 «В», 5 «Г» сыныптарымен «Как не допустить правонарушение?»тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағаты бір-бірімен жақсы тілектер білдіру арқылы бастап, бейнетаспа арқылы оқушылар пікір алмасты, өз ойларын білдірді.Суреттер арқылы оқушылардан құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттерге байланысты талқылады.Оқушыларға бірнеше жағдаяттар беріліп, құқық бұзушылық па?, әлде қылмыс па? екенін ажырата білді. Ақпан айының 18-і күні 6 «Б», 6 «Б», 6 «Г», 6 «Д» сыныптарымен «Жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмысқа итермелейтін жағдайлар» тақырыбында бейнетаспа көрсету арқылы пікір алмасу өткізілді.Оқушыларға қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірнеше мәселелер талқыланды. Ақпан айының 20-ы күні 8 «В», 8 «Г» сыныптарымен Г.Амирова, Л.Залилова «Преступление и наказание» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ақпан айының 22-і күні «Әлімжеттік, бопсалау-заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: әлімжеттік бопсалаудың алдын алу шаралары. Жас жеткіншектердің арасындағы кикілжіннің туындауының себептерін қарастыру. Оқушыларға мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік, бопсалау фактілері бойынша бейнетаспа көрсетіліп, талқыланды.Сонымен қатар қақтығыс, құқық бұзушылықтың алдын алуға болатын себептер?, әлімжеттік дегеніміз не? деген сұрақтарда өз ойларын ортаға салды.Дөңгелек үстелге мектеп инспекторы А.Жаманбаев, А.Жарасбеков қатысып, оқушыларға заңдар, баптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 5-11 сыныптың қыз балаларымен «Қызға қырық үйден тию» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста қыздар тәрбиесі, қыздардың репродуктивті денсаулығы жайында әңгіме өзегі қозғалды.ал ата-аналармен сынып жетекшілер интернет желілеріндегі әлімжеттік, бопсалау фактілеріне байланысты орын алған жағдайлармен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпан айының 25-і күні 8 «А», 8 «Б» сыныптарымен Ж.Төлепбаев, А.Малдыбай «Әлімжеттік, күш көрсету, бопсалау-заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Ақпан айының 26-ы күні «Қатыгезсіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында 6 сыныптар арасында видео-эссе байқауы өткізілді.Құқық айлығында бекітілген жауапты сынып жетекшілерден іс-шара өткізбеген сынып жетекшілер: 9 «А», 9 «Ә» сыныптарының сынып жетекшілері А.Исаева, Н.Дауренбекова, 7 «В», 7 «Ә» сынып жетекшілері П.Мусаева, Б.Ускенбекқызы
Қорытынды: Бекітілген жауапты сынып жетекшілер өткізілетін іс-шаралардың жоспарларының 1 дасанасын фотосуреттерімен өткізді. Әр бір іс-шараға сынып жетекшілер тыңғылықты дайындалып келгендіктері байқалды. Ал өткізбеген сынып жетекшілерден түсініктемелері алынды.
Ұсыныс: Сынып жетекшілер оқушыларға берілген тапсырмаларды жаттанды емес, өз ойларын еркін, толық жеткізуге қалыптастырса.
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шойбекова