2021 жылдың 22-ші желтоқсан күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ZOOM платформасыменгеография пәні мұғалімі Мусина Г.Т.
2021 жылдың 22-ші желтоқсан күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ZOOM платформасыменгеография пәні мұғалімі Мусина Г.Т. аудандық география пәні мұғалімдерінің қатыстырылуымен Қысқы мектеп жобасы аясында «Саралап оқытудың ұтымдылығы неде?» тақырыбында вебинар өтілді. Вебинар барысында саралап– оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқыту жайлы таныстырылып, талқыланды.