2022 жылдың 5-ші қаңтар күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ZOOM платформасыменгеография пәні мұғалімі Турганбаева Р.К.
2022 жылдың 5-ші қаңтар күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ZOOM платформасыменгеография пәні мұғалімі Турганбаева Р.К. аудандық география пәні мұғалімдерінің қатыстырылуымен Қысқы мектеп жобасы аясында «География сабағында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында вебинар болып өтті.Вебинар барысында география сабағында білім берудің тиімділігін жоғарылатуда инновациялық оқыту технологияларын пайдалану жолдарын қарастыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану сонымен қатар функционалдық сауаттылығын арттыру.Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. Білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни,оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануы жайлы талқыланды.