Математика, информатика, физика пәндері апталығы
Математика, информатика, физика пәндері апталығы
Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің атты апталығы өткізілді.

Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді. Сыныптан тыс сабақтар қазіргі карантин шараларын сақтау мақсатында байланысты өткізілмеді
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Қаңтар айының 17.01-22.01.22 ж. күндері аралығында мектеп-гимназияда «Оқытудың замануи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру»тақырыбында математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты:Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде бірлестік жетекшісі Тауасарова Лаззат апталықтың ашылу барысын «Ақпараттық сессия» түрінде бірлестіктің әрбір мүшесімен, мұғалімдердің, оқушылардың жетістіктерімен және атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Олардыңжұмыс интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс- шаралар.

Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді:
Математика, физика пәндерінен ашық сабақтар шеруі | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Сыныбы | Өтілу мерзімі мен уақыты | Орны | Жауапты мұғалім | ||
Күні | Ауысым | Мерзімі | ||||
Ақпараттық сессия. | 17.01.22ж. | 1 ауысым | 12.00 | Акт залы | Тауасарова Л. | |
Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану. | 11 «А» | 19.01.22ж. | 1 ауысым | 2 сабақ 8.50 | 26 кабинет | Тауасарова Л. |
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер. | 5 «Б» | 19.01.22ж. | 1 ауысым | 3 сабақ 10.00 | 39 кабинет | Мадиканова А. Қ |
Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері, ток күші, кернеу. | 8 «А» | 21.01.22ж. | 2 ауысым | 3 сабақ 15.40 | 30 кабинет | Тлеубергенов Ж.А. |

Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, математика пәні мұғалімі Тауасарова Л «Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді., сабақ өз дәрежесінде өтті.

Физика пәні мұғалімі Тлеубергенов Жаныс 8 «А» сыныбында «Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері, ток күші, кернеу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз деңгейінде өтті. Топтық жұмыс жасалды. Оқушылар оқулықтан жаттығулар орындады. Мұғaлiм бұл caбaқтың оқyшылapдың қызығyшылығын apттыpaтындығын, мұғaлiмнiң өзi тыңғылықты дaйындaлып кeлce, оқyшылapғa жaңa тaқыpыпты игepy жeңiл тиeтiндiгiн, тaпcыpмa бойыншa оқyшылapдың өз бeттepiншe жұмыcты aлып кeтeтiндiгi, caбaқтa диaлогты қолдaнyдa бaлaның cөйлey тiлiн жeтiлдipyi үшiн тиiмдiлiгi зоp eкeнiн aйтып өттi. Мұғaлiм yaқытпeн caнaca бiлдi, cоның caлдapынaн оқyшылapдың оpындay қapқындылығы өcтi. Мұғaлiмнiң өзiндe ceнiмдiлiк пaйдa болып, өзiнiң шeбepлiгiн тaнытты.
Сабақ қорытындыланып, белсенді оқушылар марапатталды.
Үй жұмысын сұрақ жауап арқылы сұрап шықты. Оқушылар топпен ынтымақтаса жұмыс жасады. Сабақ сәтті өтті.
Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Барлық жұмыстар бейнежазбаға түсірілді.