химия және биология пәндерінің апталығы » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2019

химия және биология пәндерінің апталығы

Анықтама

        2019 жылдың 21.01-25.01 аралығында химия және биология пәндерінің  «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында апталығы өтті.
Апталақтың ашылуы қаңтардың 21-і күні АКТ залында  жоғары деңгейде өтті.Ашылуын  пән мұғалімдері  3 тілде жүргізіп,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойындар мен тәжірибелер жүргізді.Оқушыларда өз үлестерін қосты: 10 «Б» сыныбы-«Клич к здоровью» тақырыбымен көрініс көрсетіп, би биледі; 11 «Б» сынып оқушысы Абдирофеева Диана химия әлеміндегі таңғажайып  қубылыстарды тәжірбие жүзінде көрсетті; 9 «А» сыныптың оқушылары денсаулықты нығайтатын жаттығулардың түрлерін би түрінде көрсетті.Ағылшын тілінде жүргізілген  «Корзина здоровья» ойынына  көрермендер қызыға отыра, белсенді қатысып сыйлықтар ұтып алды.
Апталық барысында Макашева А.М 8 «В» сыныбында «Характеристика элемента по положению в периодической  системе» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ  кезеңдері өз уақытымен жүріп отты, оқушылар сабаққа белсене қатысып отты.Мұғалім сабақ бойында топтық , жеке жұмыстарын жүргізіп, әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып , сабақ басында қойылған мақсатқа жетті.Джиенбекова  Л.Қ. 8 «А» сыныбында «Адам қанқасының құрылысы» тақырыбында жаңартылған білім мазмұны аясында  ашық сабақ берді.Сабақ бойы  мұғалім оқушылармен тығыз қарым қатынаста болды. Оқушылар сабақ барысында  берілген барлық тапсырмаларды орындап, толық әрі дұрыс жауап беріп отты. Мұғалім сабақта көптеген түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланды. Мұғалім оқушылармен біріге отыра сабақ мақсатына жетті.Уразалиева А. «Дарындылар додасы» атты сыныптан тыс сабақ өтті.Сыныптан тыс сабаққа 8 «Б» және 8 «Ә» сыныбының оқушылары қатысты. Екі сынып бір бірімен басекеге түсіп, женімпаз топ анықталды.Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп отты.Практикалық жұмысты да еш қыйындықсыз орындап шықты.
Барлық сабақтардың  өту барысында мұғәлімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында АКТ-ны , жанартылған білім мазмұны бойынша түрлі белсенді  әдіс тәсілдерді пайдалана отырып ,қызықты әрі өз  деңгейде сабақ жүргізді.
Апталықтың жабылуы 25-ші қаңтар күні АКТ залында концерттік бағдарлама мен жалғасып, апталық барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадактады.