28
август
2018
IT ақпараттық технологиялар сыныбы ашылды
«Нұр Отан» партиясы қолдауымен, тамыз айының 27-ші жұлдызында Ш.Уалиханов мектеп-гимназиясында ІТ-сыныбы ашылды. Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы және партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры, облыстық мәслихат депутаты М.Сәрсенов, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Оқушылар СТЕМ бағдарламасының мүмкіндіктерін көрсете отырып, келген қонақтармен ой бөлісті. IT кабинет меңгерушісі Бекмаханбетов Алмат ІТ технологиясының арнайы бағдарламалары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, оқушыларымыз демеушілік еткен Сарысу ауданының басшыларына алғыстарын білдірді.