Үштілділік –заман талабы
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында
Тіл мерекесіне орай өтілген
«Үштілділік –заман талабы» атты іс- шара
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 4-13 қыркүйек аралығында Қазақстан
Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Үштілділік –заман талабы» атты
тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша
мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың
тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі
іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Қыркүйектің 4-і күні апталықтың
ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Шараны пән мұғалімдері дайындаған
оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Ұстаздар
қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа
ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ж.Төлепбаева «Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырды. Орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен « Если дружат люди- дружат языки» атты мерекелік іс-шара 4,8,9
сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Ал, ағылшын мұғалімдерінің «English is
a global language» атты 5-7 сыныптармен пән мұғалімдеріА.Турабаева , Д.Жамалова
сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Оқушылар
тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сабақ қызықты өткізілді.
«Тапқыр
болсаң тауып көр» атты 5-6 сыныптар арасында тіл жанашырларына дебат
ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Мектебіміздің үш бірлестік пән мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен «Үштілділік –заман талабы» атты тілдер апталығының қорытынды
кеші өтті. Апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке
тұлғаларды атап,пән мұғалімдері ризашылығын білдірді.
Оқушылар
өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып,
оқушылар қазақтың ұлттық биін шабыттана орындады.