Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2018

Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын

2018-2019 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында қараша айының 12 күні «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын», «Детство-без насилия!» тақырыптарында өткізілген іс шаралардың қортынды анықтамасы

2018 жылы қараша айының 12 күні «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» және «Детство-без насилия!» тақырыбында  5 «Г», 6 «Г» «Д»  сынып оқушылары  іс-шара өткізді.

Мақсаты: Золық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Оқушыларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу мақсатында зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау.

6 «Г», 6 «Д» сынып сынып жетекшілері Карлисон А. Нейфельд О.Н. ұйымдастыруымен  «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты мектептің 1 қабатында көрме ұйымдастырылды.

Қараша айының 14 күні  5 «Г» сынып оқушыларымен сынып жетекші Р.Турсбекованың ұйымдастыруымен «Детство-без насилия!» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара мектептің АКТ залында сағат 11.00-де өткізілді. Мақсаты: зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Сыныптан іс-шарада бірінші тапсырма бойынша баяндама оқылып, зорлық-зомбылықтың түрлеріне тоқталды. Бірақ берілген ақпараттар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келмеді. Екінші тапсырмада көрініс «бетперде» бағдарламасын  А.Малдыбай жүргізді. Қонаққа  психолог, бастауыш сынып мұғалімі, ата-ана рөлін сомдап оқушылар ойнады. Бетперде бағдарламасында жұмбақ  кейіпкер басынан өткен мәселесін көрермендерге айтты. Келген қонақтар жұмбақ кейіпкерге ақыл кеңестерін беріп өтті.

Ұсыныс:

1.    Оқушылардың жас ерекшелігін ескерту қажет.

2.    Сыныптан тыс іс-шараға оқушылардың санын көбейту қажет.