Жайсыз отбасынан шыққан оқушылардың үйлерін аралау
2018-2019 оқу жылының қараша айында жайсыз отбасынан шыққан оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеуге директордың құқықтық тәрбие орынбасары П.Жусупова, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, В.Төлеубаева, сынып жетекшілері тарапынан зерттеліп, АКТ-тар толтырылды. Нәтижесінде: жайсыз отбасы саны-5 жайсыз отбасынан шыққан-6 бала анықталды.
Мақсаты: Жайсыз отбасынан шыққан оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайларын анықтау және отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау.
1. Костюк Екатерина 7 «г» сынып оқушысы. Мекен-жайы 3-38-55 1 бөлмелі пәтерде тұрады. Костюк Екатеринаның анасы Костюк Любовь, әкесі қайтыс болған. Асыраушысы жоқ болғандықтан әлеуметтік көмек алады, «Қаратау» ТКӨК жұмыс істейді. Тексеріс кезінде үйлері өте лас болды. Ең қажетті жиһаздары бар. Үйлері бір бөлмелі.
2. Ширяев Роман 7 «Г» сынып оқушысы. Мекен-жайы Стройтель 4/241 Анасы Ширяева Марианна ішімдік ішеді, жұмыссыз, үй іші лас, санитарлық гигенаға сай емес, балаларға сабақ оқуына жағдай жасалмаған. Ширяев Роман әжесімен Стройтель 5/285 мекен-жайы бойынша тұрады. Бақылау барысында үй таза, тұрмысқа қажетті заттары бар. Әжесі Ширяева Екатерина балаларға сабақ оқуларына бар жағжайды жасаған яғни сабақ оқитын үстелі демалу үшін жатын бөлмелері жабдықталған. Роман сабақтан себепсіз қалмайды, мектепке киім-кешектері таза келеді. Романның мектепке келіп кету ақысы әжесі Ширяева Екатеринаның есеп шотына түсіп отырады.
3. Талипов Эльмар 9 «Г» сынып оқушысы және Талипова Исмира 5 «Г» сынып оқушысы толық емес отбасында тәрбиеленеді. Мекен-жайы 1-20-42 бойынша бір бөлмелі пәтерде тұрады. Тексеріс барысында үй іші ішімдікпен темекінің иісі сіңіп қалған, киімдері мен төсектері шашылып жатыр, еденде төсеніште жоқ, санитарлық гигиенаға сай емес, балалардың сабақ оқуына жағдай жасалмаған.
4. Елеубай Ердос 4 «В» сынып оқушысы. Мекен-жайы 4-11-16 Пәтері екі бөлмелі. Үйіне барғанымызда үйі шашылып жатыр. Үй санитарлық гигиеналық талаптарға сай емес. Ердостың жеке бөлмесі жоқ. Қонақ бөлмесінде төсектері, киімдері шашылып жатыр, сонымен қатар сабақ оқуына жағдай жасалмаған. Асханасында тазалық жоқ. Ердостың анасы тастап кеткендіктен қазіргі кезде әкесімен бірге тұрады. Мектепте бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған.
5. Ковальчук Светлана 7 «Г»сынып оқушысы. Мекен-жайы Строитель 4/213