11
декабрь
2018
Ұланымын ұлы елдің
2018-2019 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп гимназиясында тәуелсіздік күніне орай «Ұланымын ұлы елдің» тақырыбында «Жас Ұлан»,«Жас қыран» ұйымының салтанатты жиынның
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясында желтоқсан айының 11-ші жұлдызында тәуелсіздік күніне орай «Ұланымын ұлы елдің» тақырынбында «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға мектеп-гимназия директоры Нурмаханова Лаура Игенқызы мен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер , жас ұлан ұйымының белсенді оқушылары қатысты. «Жас Ұлан» ұйымына 60 оқушы қабылданса «Жас Қыран» ұйымына 47 оқушы қабылданды. Салтанатты ант қабылдауға мектебіміздің үздігі , белсенді лік танытып жүрген 5 «Ә» сынып оқушысы Болысбек Жұлдыз антты қабылдады. Барлық оқушылар бірге Ант етеміз деп 3 рет бірге айттып, «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук табысталды. Құттықтау сөз кезегі мектеп –гимназия директоры Нурмаханова Лаура Игенқызына берілді. Оқушылар бірге Жас ұлан гимн орындап, 9 «Б» сыныбының оқушысы Мырзабек Дильназ «Жас Ұлан» әнін орындады.