2018 жылдың 20 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында кезектен тыс өткен педагогикалық кеңестің отырысы » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018 жылдың 20 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында кезектен тыс өткен педагогикалық кеңестің отырысы
24
декабрь
2018

2018 жылдың 20 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында кезектен тыс өткен педагогикалық кеңестің отырысы

2018 жылдың  20 желтоқсанда  Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында кезектен тыс өткен  педагогикалық кеңестің  отырысы

Хаттама №

Қатысқандар: 97

Қатыспағандар: 6 (себепті)

Шақырылғандар: Ата-аналар комитетінің  төрайымы  М.М.Мякишева

 

Күн тәртібінде:

    1. Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылдың 14 желтоқсандағы №4310 шығыс  хатына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру  ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  №355 бұйрық бойынша  қамқоршылық   кеңесінің  құрамын жасақтау.

Тыңдалды:

    Кезектен тыс педагогикалық кеңесті мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмаханова ашып, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселені   ұжымға таныстырып өтті.

    Күн тәртібіне қойылған негізгі мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмаханова сөз алды. Ол өз сөзінде Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылдың 14 желтоқсандағы №4310 шығыс хатына сәйкес,  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2017 жылғы  27 шілдедегі №355  бұйрығы  бойынша Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің қайтадан құрамын жасақтап, бекіту  қажет екенін айтты. Ең біріншіден, мектеп-гимназия директоры   Л.И.Нурмаханова  2017 жылғы 27 шілдедегі  №355 бұйрығы негізінде  қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру  және оны сайлау  тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырып,  үлгілік тәртібі бойынша  қамқоршылық кеңестің құрамы 9 адамнан болу керектігін, сонымен қатар мемлекеттік органнан 3 адамнан асуға болмайтынын, тақ саннан құралатынын, ата-аналар комитеті ұсына алатынын айтты.   Л.И.Нурмаханова  қамқоршылық кеңесі төрайымы қылып  «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Галина  Ивановна Мороз,  жеке кәсіпкер Қолдасбаева  Рая Джумабаевна, жеке кәсіпкер-Қосалиева Жанар, жеке кәсіпкер, асханамызды жалға алушы-Тоқсейітов Азамат, ата-ана, жеке кәсіпкер Нұрбеков Ғалымжан, ата-ана Юдина Татьяна Николаевна, ата-ана ахунова Эльвира, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының кәсіподақ ұйымының төрайымы- Х.Е.Киркинбаева, жеке кәсіпкер-Ержанова Майраны  ұсынатынын   және де осы аталған  азаматтардың барлығы жазбаша түрде келісім бергенін  айтты. Келесі сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы М.М.Мякишева сөз сөйледі. Ол өз сөзінде  мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмаханованың сөзіне қосылатынын, мектептегі ата-ана комитеттерінің Қамқоршылық кеңесі мүшесіне жоғарыда аталған кісілердің сайлануына ешқандай қарсы еместігін, алдағы уақытта ата-аналар комитеті Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жасайтынын айтып сөзін аяқтады.

      

    Күн тәртібіне қойылған негізгі мәселені талқылай келе, қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 27 шілдедегі  №355 бұйрығын басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңесінің  құрамы  жаңадан сайланып, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне ұсынылсын.

 

   Төрайым                                         Л.И.Нурмаханова

    Хатшы                                             А.Абдрахманова