Жас маман» ІІІ Республикалық байқау
Егемен еліміздің үздік мамандары...
«SKILLS ACADEMY» орталығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Жас маман» ІІІ Республикалық байқауы 2019 жылдың 15 ақпан 15 наурыз аралығында өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Жас мамандарға Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының мәнін терең түсіндіріп, олардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау арқылы өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту және ынталандыру.
Осы орайда, Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясының 11 жас мамандары қатысып, өз шеберліктерін шыңдай түсті. Байқау нәтижесі бойынша наурыз айының соңында жеңімпаздар анықталды.
І дәрежелі Диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен Китанова Жанат Акназаровна,бастауыш сынып мұғалімі.
І дәрежелі Диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен Шевченко Татьяна Викторовна,бастауыш сынып мұғалімі
ІІІ дәрежелі Диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен Исаева Раушан , бастауыш сынып мұғалімі
ІІІ дәрежелі Диплом және «Үздік жас маман» төсбелгісімен Баянды Балнұр Нұрланқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі марапатталды.
Ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе! Елбасының жастарды ерекше атап өтуі, жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер үшін алғыс білдіреміз! Төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысайық!





