«Мектеп асханасы» республикалық өткізілетін іс – шараларға қорытынды
2019-2020 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында қаңтар айының 27-сі мен ақпан айының 27-сі күндері аралығында «Мектеп асханасы» республикалық өткізілетін
іс – шараларға қорытынды
Анықтама
Күні: 05.02-26.02.2020 Жаңатас қаласы
Мақсаты: Оқушыларды білім беру ұйымдарында сапалы тамақтануын қадағалап, ұйымдастыру.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында ақпанның 5-і күні «Тамақтану гигиенасы» атты тақырыбында 8-10 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізілді. Ақпанның 11-14-і күндер аралықта «Тиімді тамақтану. Дәрумендер» тақырыбында мектеп медбикесі 5-11 сынып оқушыларынан эссе алынды. 04.02-21.02 күндер аралықта «Дұрыс тамақтанудың пайдасы» және «Ас адамның арқауы» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Мектеп медбикесі Нурушова Ш. «Тамақтанудағы 10 қателік» атты дәріс сабағын 5-11 сыныптар аралағында өткізді. Сонымен қатар мектеп асханасында «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды және де мектеп психологы Байзалиева мен бірге оқушылардан дұрыс тамақтану жайлы сауалнамалар алынды. Оқушыларға тамақтанудың ережелері таныстырылды.
Әлеуметтік педагог Бекет Ә.О.