03
декабрь
2019
Критерийлерді бағалау - жаңартылған мазмұндағы оқу процесінің маңызды факторы
2019 жылдың 30 қарашасында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия базасында «Ра и И» гуманитарлық цикл мұғалімдеріне арналған «Критерийлерді бағалау - жаңартылған мазмұндағы оқу процесінің маңызды факторы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Сарысу ауданы мектептерінің пән мұғалімдері шақырылды:
Арыстанды, Шоқай Датқа, Үшбас, Әйтеке би мектептерінен 14 пән мұғалімі қатысты.
Семинарды Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Қамбарбаева Нұрбибі Сарсенбекқызы ашып берді.
Аудандық семинарда мектептің әдіскері Т.Б.Ниязова қатысушыларға критериалды бағалаудың негізгі міндеттерін таныстырды.
Тарих пәнінің мұғалімі М.Б.Арыстанбеков: «Блум таксономиясы негізінде оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесі»;
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Садуақасова: «Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты жүйелі жүргізудің тиімділігі»;
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Алмағанбетова: «Критериальное оценивание на уроках русского языка» тақырыптарында коучингтер өткізді.
Семинар соңында мектеп - гимназия модераторы К.Д.Дуйсенбина: «Модерация инновациялық педагогикалық технология ретінде» тақырыбында жеке модерация түсінігіне тоқталып, жоғары дәрежеде түсінік берді.