Ана тілім айбыным тақырыбанда өткен мерекелік іс-шара
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимнзиясында21 ақпан күнгі
«Ана тілім айбыным» тақырыбанда өткен мерекелік іс-шараға қорытынды
Анықтама
Күні: 21.02.2019 ж. Жаңатас қаласы
Мақсаты:Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.
2018-2019 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 21 ақпан күні мектеп акт залында халықаралық тілдер мерекесі күніне орай «Ана тілім айбыным» тақырыбында мерекелік іс – шара өткізілді. Іс – шараға мектеп оқушылары қатысты. Іс – шара үш тілде жүргізілді. Қазақ тілінде, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ниетбекова Махаббат, орыс тілінде, орыс тілі пәнінің мұғалімі Амирова Гузель, ағылшын тілінде, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жамалова Дильнура жүргізді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі қатысты. Концерттік бағдарламада 6 «Г» сынып оқушылары «Тюбетейка» биін биледі. Мектеп оқушылары Дүйсен Тимур, Болатпекқызы Іңкәр, Утешова Диана, МырзабекДильназ, Сарсенбай Еңілік, Уалихан Балауса, Тәжібаева Айзада, Бегалы Балнұр өздерінің ана-тілдеріне арнау өлеңдерін оқып, тарту етті. 4 «Г» сынып оқушысы Жомартұлы Тамерлан «Әкеге арнау» атты күйін орындады. 3 «Б» сынып оқушылары «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін үш тілде орындады. Іс – шараның қорытындылай келе, оқушыларымыздың барлығы үш тілді меңгергендігі байқалды. Іс-шара өз деңгейінде өтті.
Педагог-ұйымдастырушы М.К.Усенова