19
ноябрь
2019
Жаңартылған білім беру мазмұнында критериалды бағалау моделін қалыптастыру
Қараша айының 18-і күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында «Жаңартылған білім беру мазмұнында критериалды бағалау моделін қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум, панорамалық сабақтар өткізілді. Семинарда директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ниязова Т.Б. «Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемі» атты тақырыпта семинар-практикум өткізді. Мектеп-гимназия директоры Қамбарбаева Н.С. «Сложение и вычитание обыкновенных дробей» тақырыбында математика пәнінен панорамалық сабақ берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Мукашева М.К. «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалаудың білім сапасын арттыруға ықпалы» тақырыбында ақпараттық сессия берді. Оспанова К.Б. «Заманауи сән әлеміндегі бағыттар», Исаева А.Е. «Первый казахский кинорежиссер» тақырыптарында панорамалық сабақтар өткізді.