23
сентябрь
2021
Электронды темекінің денсаулыққа зияны жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қыркүйек айының 21-22 күндері Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар мен ата-аналарға қазіргі таңда темекінің электрондық түрі, жаңа өнімнің түрі таныстырылды. Электронды темекінің денсаулыққа зияны жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар мен ата-аналарға ҚРӘҚБ кодексінің 441-бабы бойынша ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу заңы бойынша кәмелетке толмаған оқушының ата-анасына он-он бес айлық көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеліп соқтыратыны қатаң ескертілді.