1 Наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай «Жомарт жүрек» тақырыбында өткен семинар –практикум
2018-2019 оқу жылында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 1 Наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай «Жомарт жүрек» тақырыбында өткен семинар –практикумға қорытынды
Анықтама
Күні: 01.03.2019 ж Жаңатас қаласы
Мақсаты: Мектеп пен қамқоршылар арасында қарым-қатынасты нығайту. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңдіретін ата-ана тәрбиесі, ал оны дамытуға ықпал ететін мектеп екенін ата-аналарға түсіндіру. Қамқоршы ата-аналарға кеңес бере отырып, бала тәрбиесі бәрімізге ортақ екенін ұғындыру.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 2019 жылдың Наурыз айының 1-і күні аудандық семинар-практикум «Жомар жүрек» тақырыбында болып өтті. Семинарға барлық аудандағы мектептердің әлеуметтік педагогтары және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар мен қамқоршылар қатысты. Іс-шара екі тілді жүргізілді. Семинарға қонақ болып, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі комиссия хатшысы Құдайбергенов Ж.О. Сарысу аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Дүйсенбин Ерлан Пернебайұлы. Сарысу газетінің тілшісі Есқараев С. Білім бөлімінің әдіскері Түсіпбаев Б.А. Дариха Үмбетияровалар шақырылды. Барлық әлеуметтік педагогтар мен қамқоршыларға семинар-практикумның бағдарламалары таратылып, берілді. Семинар төрт бөлімнен тұрды. I бөлім «Жүректен - жүрекке» тақырыбында қамқоршылықтағы ата-аналармен дөңгелек үстел. Қамқоршылармен өтетін дөңгелек үстелге жауаптылар дирктордың құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Шойбекова Ж.А., мектеп психологы ЖусуповаП.Ж. II бөлім «Жомарт жүрек» тақырыбындағы концерттік бағдарлама. Концерттік бағдарламаға жауапты педагог- ұйымдастырушы Усенова М.К. III бөлімде әлеуметтік педагогтармен өткізілді. «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелеудің негіздері» Баяндамашы: Жүнісов М.Ж. «Мектепте ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізілетін жұмыстың барысы» Баяндамашы: Шойбекова Ж.А. тақыптарында баяндама оқыды. Дөңгелек үстел «Жүректен жүрекке» тақырыбында өткізілді. Дөңгелек үстелді мектеп психологы Жусупова П.Ж. қамқорлықтағы оқушылар мен қашқоршылармен және әлеуметтік педагогтармен танысудан бастады. Барлық семинарға қатысушылар ортаға шығып, «Шаттық шеңбері» бойынша танысты. Семинардың ашылуына мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмахановаға сөз берілді. Ол кісі өз сөзінде барлықтарын Алғыс айту күнімен құттықтып, қамқорлықтағы оқушыларға жылы лебізін білдірді. Сөз кезегі Сарысу аудандық білім бөлімінің бас маманы Жүнісов Мақсат Жақсыбекұлына берілді. Семианар барысында телебағдарлама ретінде ұйымдастырып, жұмбақ кейіпкер шақырылды.Жұмбақ кейіпкер тастанды баланың ролін сомдап, «Менің не кінәм бар?» тақырыбында өзінің басынын өткен оқиғасын баяндап беріп, ортаға талқылауға салды. Осы орайда семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Қамқоршылар арасынын Альсейтова Шынар Тоқтаркүловна сөз сөйлеп, жұмбақ кейіпкерге ақылын айтып, жылы лебізін білдіріп, тек алға жылжу керектігін айтып кетті. Келесі кезекте мектебіміздің деңгейлік курсынын өткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Садуақасова Анар қамқоршылармен және қамқорлықтағы оқушылармен «Топтық жұмыс» жұмыс жүргізді. Топтық жұмыс барысында қатысушылар мейірімділік, алғыс, жақсылық, ізеттілік тақырыптары бойынша постер жасап, қорғады. Ата-анаман бала арасындағы ара қатынасты анықтау мақсатында, доп арқылы қамқоршы ата-аналарға сұрақтар қойылып, жауаптары қанағаттанарлықтай болды. Дөңгелек үстел соңында мектеп психологы Жусупова Перизат қамқорлықтағы оқушыларға стикерлер таратып, оқушылардың жазған арман тілектерін «Арман ағашына» жапсырып, оқушылардың тілектерімен ағашты безендіріп, әр оқушының жазған армандарын оқып шықты. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті. Дөңгелек үстелден кейін II бөлім бойынша концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламаны Жастар ресурстық орталығының жастар ісі-жөніндегі инспекторы Балғабай Бауыржан мен мектеп тәлімгері Абуова Жансая жүргізді. Концерттік бағдарлама «Жомар жүрек» тақырыбында өтті. Алғашқы болып, сахына төріне 9 «А» сыныбының қыздары «Қара жорға» биімен бастады. Концерттік бағдарлама кезінде мектебіміздің қамқорлықтағы оқушылары төрінде 5 «А» сынып оқушысы Көпбай Әділет, 5 «Г» сынып оқушысы Черных Анжелика, 2 «Г» сынып оқушысы Товорская Валентина, 7 «Ә» сынып оқушысы Жаңабаева Мөлдір, 5 «Ә» сынып оқушысы Жаңабай Жадыра, 6 «Ә» сынып оқушысы Дүйсен Тимур, 7 «Ә» сынып оқушысы Мырзабек Ырысты. өздерінің қамқоршыларға алғыстарын білдіріп, арнау өлеңдерін оқыды. 9 «Б» сынып оқушысы Мырзабек Дильназдың «Ананы аңсау» әнін орындап берді. 4 «Г» сыныбының оқушысы Жомарұлы Тамерланныңы «Әке арманы» күйін орындап берсе, мектебіміздің тәлімгері Абуова Жансая «Мама» әнін орындады. 9 «Б» сыныбының мың бұралған биші қыздары «Белес» биін биледі. Іс-шара кезінде Сарысу аудандық білім бөлімінің бас маманы Жүнісіов Мақсат Жақсыбекұлы демушілік танынтқан жеке кәсіпкер Қанатбеков Ғалымжанға, тәтті торт ұсынған «Асылхан торт» Утелов Асылханға, фото салон «Кодак» Зульфигараева Лейлаға, жеке кәсіпкер Мешітбаева Қарлығаш Даулетқызына, жеке кәсіпкер Әшімова Раушан Борисқызына алғысын білдіріп, оқушыларға сый сиапаттар табыстап, өзінің жылы лебізін білдірді. Іс-шара соңында 3 «Б» сыныбының оқушылары «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хор болып, үш тілде орындап шықты. Қамқоршы ата-аналар атынын Альсейтова Шынар Тоқтарқұлқызы сөз сөйлеп өздерінің алғыстарын білдірді. Барша келген қонақтар жақсы көңіл күйде тарасты. Іс-шара өз деңгейінді өтілді.
III бөлім бойынша аудан мектептеріндегі әлеуметтік педагогтармен теория өткізілді. Сарысу аудандық білім бөлімінің бас маманы Жүнісов Мақсат Жақсыбекұлы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелеудің негіздері» тақырыбында баяндама оқып, жүргізілетін жұмыстар туралы бір шама түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектебіміздің құқықтық тәрбие орынбасары, әлеуметтік педагогтың уақытын міндетін атқарушы Шойбекова Жансая «Мектепте ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізілетін жұмыстың барысы.» тақырыбында баяндама оқыды. Мектебімізде жүргізілген жұмыстарды слайд арқылы көрсетіп, есеп берді.
Директордың құқықтық тәрбие
ісі-жөніндегі орынбасары Ж.А.Шойбекова
Педагог-ұйымдастырушы М.К.Усенова