Менің туған өлкем- Сарысуым
Төкен Мақашев атындағы мұражай
2019 жылдың 16 наурыз күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 6-7 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Ниетбекова , Г.Смайлова және Б.Баяндының ұйымдастыруымен «Менің туған өлкем- Сарысуым» атты сабағы өткізілді. Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған сабақтың мақсаты туған өлкенің тарихымен танысу, тарихи жәдігерлерлердің түрлері және олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру және тарихи деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану мұражай Саудакент ауылында орналасқан. Бұл мұражай 1978 жылы Сарысу ауданының құрылғанына 50 жыл толуы қарсаңында ашылған болатын.Мұражай мекемесі алғашында атқару комитетінің ең алғаш үйінде ашылып, құрылған болатын. Шағын бөлмеге тарихи жәдігерлер орналастырылды.
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында 5000 мыңға жуық жәдігерлер және басқада тарихи мәні бар көптеген жәдігерлер жинақталған. Аудандық мұражай мекемесінде 7 зал бар. Олар «Көне дәуір зал», «Қобызшы Ықылас Дүкенұлына арналған залы», «Табиғат», «Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі кезең», «Мәдени ағарту және өнер» залдары. Бұл залдар түрлі тарихи жәдігерлер орналастырылып, жаңартылып жабдықталған. Осы аталған залдар халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде. Жыл сайын музей жаңа жәдігерлермен толықтырылуда. Аудандық мұражай ауданымыздың өткен тарихын кейінгі ұрпаққа таныстырып, құнды тарихи мәліметтер береді. Мұражайды оқушыларға тыныстырып, тарихи жәдігерлер туралы сыр шерткен мұражай директорының міндетін атқарушы М.Әбілов.
Оқушылар өздерін қызықтыра кеткен деректер бойынша сұрақтар қойып, суреттерге түсіп, ауданымыздың тарихы туралы толық мағлұматтар алды.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларын ауданымыздағы тарихи ғимараттармен таныстырып өттік.Олар, Саудакент ауылының шығыс шетінде орналасқан Шоқай Датқа кесенесімен, ауылға кіре-берісінде орналасқан Ықылас Дүкенұлының мемориалымен және Ысты Тілік баба рухына арналған мемориалдық кешенімен. Кешен Жаңатас қаласының солтүстік шығысына қарай 8,7 шақырым жерде, Жаңатас-Саудакент тас жолының бойында орналасқан.
Туған өлкемізге арналған саяхат сабағы бойынша әр оқушыға ойтолғау жазып келу және жәдігерлердің суретін салу тапсырмасы берілді.





