Қазақ тілі мен әдебиеті,өзін-өзі тану пәндер апталығы » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2018

Қазақ тілі мен әдебиеті,өзін-өзі тану пәндер апталығы

 Қазақ тілі мен әдебиеті,өзін-өзі тану  пәндер апталығы

 

 

       2018 жылдың 19-23 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті,өзін өзі тану пән бірлестігінің ұйымдастыуымен апталық өткізілді. 19 қараша күні апталықтың ашылуы мен жоспары таныстырылды. Барлық сыныптарға апталыққа байланысты газет, буклет шығару тапсырылды. Бірлестіктегі барлық пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті.

       Қазақ тілі мен әдебиеті,өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі П.Мусаеваның ұйымдастыруымен болған бұл аталмыш шара жоспар бойынша бес күнге ұласты. Апталықта бектілген жұмыстардың негізгі мазмұны, тәрбиелік жағы мақсатқа сай айқындалып жоспарланды.

 «Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді»  атты апталықтың  салтанатты ашылуы  19 қарашада болды.

        

 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

      

 Сол күні «Тілдер әлемінде» атты қабырға газеттері шығарылды.  Әрбір қабырға газеті өзіндік талаптарға сай, мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрды. Онда тіл туралы  мәлімет, оқушылар шығармашылығы жинақталды.

     19  қараша  күні Г.Бекешева  апталыққа орай мектеп фойесінде  «Отбасы» тақырыбында  оқушыларды отбасына деген сүйіспеншілігін, бақытты дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырды.  

 

    

     20 қараша күні Ф. Хусенова 4Ә сыныбына «Адал достық» атты тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақты өзін- өзі тану пәні бойынша әдіс-тәсілімен өтті. Сабақты психологиялық оқылымнан бастады. Сыныпта топ ережесі ілінген, топтық ереже сақталды. Оқушылар топтар бойынша топтық тапсырмаларды орындап, сабаққа барлық оқушы түгел қатысты. Мұғалім мен оқушы арасында байланыс болды.

                                                                             

      21 қараша  күні Б. Ускенбекқызы  3 «В» сыныбында «Бастаулардың бастауы...» атты тақырыбында ашық сабақ өтті.Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлаған. Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау үшін оқушыларды топқа, бөліп сабақты қызықты, жоспарға сай, жан-жақты дайындықпен өтті. Мұғалім оқушылардың сабақта еркін қатысып, өз ойларын еркін айтуға жағдай жасады. Балалардың сабаққа белсенділігі жақсы.

 

        

         

          21 қараша  күні екінші ауысымда  Г.Смайлова  7 «А» сынып оқушыларымен «Дос таңдай білу»тақырыбында ашық сабақ өтзкізді. Мұғалім сабақ беру әдіс- тәсілдерімен, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендіре білді. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. 
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мұғалмді, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғызды, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасай білді.

   23 қараша  күні М.Ниетбекова  5 «А» сыныбына «Жеміс-жидектің пайдасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім талапқа сай көрнекіліктермен, тірек сызбалар арқылы өтті. Оқушылардың жан-жақты ізденімпаз, сабаққа деген қызығушылығының жоғары деңгейде екені байқалды. Оқушылар сабақты жақсы игерді.

 

                              

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 23 қараша күні Төлепбаева Жазира 8а сыныбына М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін анықтау үшін    білім берудің жаңа тәсілін, теориялық негіздерін қолданды.  Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлаған. Сабақ өте қызықты жоспар бойынша өтілді. Мұғалім сабаққа қажетті көрнекіліктерді пайдаланды. Оқушылар оқулықпен де, дәптермен де жұмыс істеді. Оқушылар берілген материалдарды толық меңгеріп жатыр. Ж.Төлепбаева ізденімпаз мұғалім екенін көрсете білді. 

          

 

               
 

                Сонымен қатар апталық барысында сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған болатын.

      21 қараша күні  А. Абдрахманова,Ж.Төлепбаева  9-сыныптар аралығында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты тақырыпта зияткерлік сайысын өткізді. Аталған кезеңнің әрқайсысында топтар белсенділікпен қатысып отырды. Жалпы іс – шара барысында сұрақ-жауап әдісін, интерактивті тақта ресурстарын қолданылды.   Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім деңгейі байқалды. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған топтар  мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

                       

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        22 қараша күні сыныптан іс-шараны қазақ тілі мамандары   Г.Смайлова мен М.Ниетбекова  қазақтың әйгілі ақыны –Шерхан Мұртазаның  шығармашылығын еске алу мақсатында «Бір кем дүние...» атты әдеби-кеш өткізді. Оқушылар Шерхан Мұртазаға өлең арнап,тебірентіп оқып  берді.     Іс – шара барысында оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, белсенділік танытты.Барлық кезеңдер қызықты құрылған. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті.

 

     

 

  
 Апталықтың  жабылу салтанаты  «Ана тілі-мәңгі құламайтын бәйтерек» атты тақырыпта   қорытындысы жасалып, іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болған сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар апталықтың қорытындысы бойынша коллаж жасалды.