Мектептік тамақтандырудың сапасы мониторинг » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2020

Мектептік тамақтандырудың сапасы мониторинг

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында «Мектептік тамақтандырудың сапасы мониторинг жүргізу» комиссияның асхананы тексеру қорытындысы жөнінде

АНЫҚТАМА

Қ.Р. Білім және Ғылым министрінің 2018 жылы 31 қазандағы «Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру» туралы №598 бұйрығының 60, 70 тармақтарын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың ақпан айында оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, мектеп асханасына тексеру жүргізді.

Мақсаты:

  1. Мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау, нығайтуды қамтамасыз ету жұмысының тұрақты қадағалануы;
  2. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық талапқа сай жұмыс істеуін, тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу. Комиссия төмендегі құрамда бекітілген.

Комиссия мүшелері:

1.Қамбарбаева Н.С.-мектеп-гимназия директоры

2.Тлепбергенова Г. –тәрбие орынбасары

3.Бекет Ә.О. –әлеуметтік педагог

4.Мякишева М.М. –ата-ана комитетінің төрайымы

5.Нурышева Ш. – мектеп медбикесі


Нәтижесінде анықталғаны: мектепте әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 218 бала күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оқушыларға тамақтану кестесі бойынша өз уақытында тамақтануына жағдай жасалған. І ауысым бойынша -71, ІІ ауысым бойынша 147 оқушы тамақтанады.

  Барлық ыдыстар маркировкалаған. Тағамға пайдаланатын ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің сертификаттары бар, тағамдардың ас мәзіріне сәйкес сапасы жақсы, дайындалуы жоғары деңгейде, екендігі анықталады. Мектептің асханасында жұмыс жасайтын қызметкерлерінің аспаздық құжаттары бар, барлығы да медициналық тексерістен өткен. Аудандық СЭС мектеп асханасында тамақ өнімдерін дайындауға, сатуға рұқсат берген. Оқушыларды тамақтандыру кезінде асхана қызметкерлері белгіленген кесте бойынша оқушыларға дер кезінде қызмет көрсете алады. Асхана жұмысын тексеруде санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай екендігі анықталды. Сонымен бірге асхананы таза ұстау керектігі күнделікті қадағаланып, кемшеліктер дер кезінде жойылып отырады. Асханадағы шикізат өнімдерін сақтайтын қойма ішінің таза, өнімдердің реттелігі, жинақтылығы анықталады. Буфеттік тағамдардың дайындалу сапасы жақсы, ас мәзірі апта сайын өзгертіліп отырады. Ыстық тағамдардың сапасы жақсы, талапқа сай. Азық-түліктер күнделікті пісіріліп, мүмкіндігінше ертеңгі күнге қалдырмайды.


Асхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар:

1.Мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің жарамдылығына, сапасына аса назар аударып, әр он күн сайын тамақ өнімін жеткілікті мөлшерде қабылдау.

2.Буфеттік ассортиментті молайту.




Анықтама жазған:             Ә.Бекет


15.02.2020

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив