04
декабрь
2018
Ерте жүктіліктің алдын алу
2018
жылы 4 қазан күні «Инабат» қыздар
кеңесінің жылдық жұмыс жоспары құрылып директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары П.Жусупова мектеп психологтары, әлеуметтік педагог В.Төлеубаева,
мектеп медбикесі Ш. Нурышева сынып жетекшілерімен бірлесе отырып 8-11 сынып
оқушыларымен «Қыз бала гигиенасымен таныстыру» тақырыбында дәріс жүргізілді
1-11 сынып оқушылармен «Тазалық, тәртіп-басты талап» тақырыбында дөңгелек
үстел, дәріс кеңес жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік іс-шараға «ерте жүктілік
зардабы» тақырыбында 8-11 сынып оқушылармен мектеп әкімшілігімен, сынып
жетекшілерінің қатысуымен Аудандық орталық ауруханасының акушер гинекологы
Ташенова С.С. психолог Асылбекова Г. жастар ресурстық орталығының маманы
Қыстаубаева Ж, қамқоршылық кеңестің
мүшесі, мектеп
қабырғасындағы қыздардың кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан ерте және мәжбүрлі
некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру, жүктіліктен сақтану мақсатында 8-11
сынып оқушыларына өздерінің дәрістерін оқып, кеңес беріп және «Қыздардың ерте
жыныстық қарым-қатынасқа түсуіне не себеп?» тақырыбында дөңгелек үстел, бейне
роликтер көрсетіліп кеңес жұмыстары жүргізілді.