Ана менің – аялаған ақ гүлім
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күні орай өткен «Ана менің – аялаған ақ гүлім» концерттік бағдарламаға қорытынды
2018-2019 оқу жылында 8 наурыз халақаралық әйелдер күніне орай 11 сынып оқушыларының ұйымдастырумен «Ана менің – аялаған ақ гүлім» тақырыбында концерттік бағдарлама болып өтті. Іс-шараның басында 1 «Г» сынып оқушы қыздары «Горошки» биін биледі. Концерттік бағдарламаны ашу үшін сөз мектеп-гимназия директоры Л.И.Нұрмахановаға берілді. Мектеп директоры ұстаздарды 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мектеп директоры ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттап, ардагер ұстаздарға сый-сиапаттар табыстады. Қонаққа келген аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі-жөніндегі комиссия төрағасы Ж.О.Құдайбергенов сөз сөйлеп, ұстаздарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Концерттік бағдарламада 3 «А» сыныбының оқушысы Есенсары Ақниет «Ана» әнін орындады. Ұстаздарға LAID экраннан ана туралы бейнебаян көрсетілді. Бастауыш 1 сынып оқушылары аналарға, ұстаздарға арнап өлең шумақтарын оқыды. 4 «Ә» сынып оқушысы Рахымбек Аружан «Ақ жаулықты анашым» өлеңін мәнерлеп оқыды. 10-11 сынып оқушылар ұстаздарға арнап флеш-моб биін биледі. Оқушылар ұстаздармен ойын ойнады. Ұстаздарға кинодағы саундтерк бойынша әуенді жасырып, дұрыс жауап тапқан ұстаздарға сыйлықтар сыйлады. 4 «Г» сынып оқуышлары «Әйелдер» туралы көрініс қойды. Мектебіміздің аға тәлімгері Абуова Жансая ұстаздардың жүректерін тебірентіп «Мама» әнін орындады. Іс-шара барысында слайд арқылы мектеп-түлектерінің құттықтау бейнебаяны көрсетілді. Ұстаздарға аранап мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кенешбаев Рашит ағайымыз «Ана» әнін орындап берді. Концерттік бағдарлама соңында 11 сынып оқушылары «Куда уходят детство» әнін орындады. Концерттік бағддарлама ұстаздардың көңілінен шығып, жақсы көңіл күйде қайтты. Іс-шара өз деңгейінде өтті.
Педагог-ұйымдастырушы М.К.Усенова