Анамның көктемі
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күні орай өткен «Анамның көктемі» тақырыбында өткен концерттік бағдарламаға қорытынды
2018-2019 оқу жылында 8 наурыз халақаралық әйелдер күніне орай орыс бастауыш сынып ұстаздарының ұйымдастырумен 6 наурыз күні «Анамның көктемі» атты концерттік іс-шара болып өтті. Іс-шараны мектепалды даярлық тобының жетекшісі Щигарева Елена жүргізді. Концерттік бағдарламаға барлық орыс бастауыш сыныптарының оқушылары қатысты. Іс-шара мектепалды даярлық 0 «Г» «Е» тобының «Дочки и сыночки» әнімен басталды. Мектепалды даярлық топтары «Люблюка ты моя» әнінін орындады. 1 «Г» сынып оқушылары «Кукла барби» биін билеп, ата-аналарға жақсы көңіл күй сыйлады. Мектепалды даярлық 0 «Д» тобының оқушылары «Про бабушку» әніні орындады. 1 «Е» сыныбының оқушылары «Мама» әніні орындаса, 1 «Г» сынып оқуышлары анаға деген арнау өлеңдерін оқыды. 3 «Е» сынып оқушысы Асылбекова Риана «Мамина сердце» атты өлеңін орындап берді. 1 «Г» сыныбының қыздары «Наши мамы» әніне би билесе, 2 «В» сыныбының қыздары «Ковбои» биін биледі. 4 «Г» сыныбының оқушылары «О! Женщины!» тақырыбында сахналық көрініс қойып, барша қонақтардың көңілінін шыға білді. 2 «Д» және 3 «Е» сынып оқушылары «Мамино слово» әніне вальс биледі. 2 «Г» сыныбының оқушылары «Шляпы» және «Гусиница» биін биледі. 3 «Г» сынып оқушысы Қалмен Балерке «Анашым» әнін орындап берді. 4 «Г» сыныбының оқушылары «Веснушки для мамы» әнін хор болып орындады. 4 «Е» сыныбының оқушылары «Мама» әніне би билесе, 4 «Д» сынып оқушылары «Мы маленькие дети» биін биледі. Іс-шара соңында барлық іс-шараға қатысқан оқушылар «Мама» әнін хор болып орындап, концерттік бағдарламаны аяқтады. Ата-аналар жақсы көңіл күйде қайтты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өткізілді.
Педагог-ұйымдастырушы Усенова М.К.





