Ұлыстың Ұлы күні 22 Наурыз » Жамбыльская область Сарысуский район школа-гимназия имени Ш.Уалиханова
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3463654
Есепші бөлімі:
+7(726) 3463654
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2019

Ұлыстың Ұлы күні 22 Наурыз

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында Ұлыстың Ұлы күні 22 Наурыз мерекесіне орай өткен мектепішілік іс-шара 

2018-2019 оқу жылында Ұлыстың Ұлы күні 22 Наурыз мерекесіне орай апталық жоспар құрылып, мектеп – гимназия директорымен бекітілді. «Наурыз көже» байқауы 7 сыныптар арасында болып өтті. 6 сыныптар арасында «Ұлттық ойын түрлері» өткізілді. Наурыз айының 19 –ы күні Салт дәстүрлер көрініс байқауы 5-8 сыныптар арасында өткізілді. Әр сынып өздеріне берілген тапсырма бойынша сахнада көрініс көрсетті. Байқау басында әділқазылар алқасы таныстырылды. Олар:

Директордың құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Шойбекова Жансая Абуталиевна

Мектеп психологы Жусупова Перизат Жупарбековна және Байзалиева Лаура Аманбаевна

    Байқауда әр сынып өздерінің жақсы деңгейде дайындылып келгендіктерін көрсетті. Байқаудық шарттары бойынша киім үргілері және сахна мәдениетін ұстауы, сөз шеберліктері бағаланды. Әділқазылардың корытындысы бойынша» Салт дәстүрлер» көрініс байқауында «Қыз ұзату» салт дәстүрі бойынша 8 сыныптар арасынан   жоғарғы деңгейде  «Қыз ұзату» салт дәстүрі көрсеткені үшін бойынша  I орынды 8 «А» сыныбы иеленді. 5 –ші сыныптар арасынан 5 «Г» сыныбы «Қыз ұзату» салт дәстүрінен I орынды иеленсе,  5 «А» сыныбы II орынды иеленді.  «Бет ашар» салт дәстүрі бойынша  8 «Б» және 5 «Ә» сыныбы  II орын иеленді. «Тұсау кесер» сал дәстүрі бойынша I орынды 5 «Б» сыныбы иеленсе, II орынды 5 «В» және 8 «В» сыныптары иеленді. «Шілдехена» салт дәстүрі бойынша II  орынды 8 «Г» және 8 «Ә» сыныптары иеленді.  Жүлделі орын иеленген сыныптар марапаттарға ие болды.  


      Наурыз айының 19-сы күні 7 сыныптар арасында өткен «Наурыз көже» сайысына 5 сынып қатсыты. Сайысқа әр сынып өздерінің орталарынан бір лидер сайлап,  сайланған лидер оқушы өздерінің сыныптарымен берлесіп жасаған Наурыз көжелерін таныстырып, ішіне қосылған қоспасын  және қалай дайындалғандығы туралы бір шама мағлаұмат беріп, қорап шықты.  Әділ қазылардың қорытындысы бойынша «Наурыз көже» сайысында I орынды 7 «А» және 7 «В» сыныптары иеленіп, мараппаталды.  II орынды 7 «Ә» сыныбы, 7 «Б» сыныбы және 7 «Г» сыныптары иеленіп, марапаттарға ие болды. 


     2019 жылдың Наурыз айының 20-сы күні мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмаханова   және кәсіподақ коммиитетінің төрайымы Х.Е.Киркинбаеваның ұйымдастыруымен  мектеп асханасында сағат 12:00 де мектеп ұжымына Наурыз көже таратылып, дастарған жайылды. Іс-шара барысында мектеп-гимназия директоры Л.И.Нурмаханова  ұстаздарды мерекемен құттықтады. Сөз кезегі мектептегі ардагер ұстаздарға да берілді. Ардағар ұстаздар  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен барша ұжымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 



      Наурыз айының 20 –сы күні сағат 15:00 де мектеп акт залында Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың  ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  3 «А» сыныбының сынып жетекшісі А.К.Шыныбаеваның  және ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен «Көктем шуағы - әз Наурыз» тақырыбынада іс-шара өткізілді. 3 «А» сыныбының оқушылары іс-шара барысында өздерінің өнерлерін көрсетті. Есенсары Ақниет «Ана» әнін орындаса, Бекмағанбет ерғанат «Наурыз» әніні орындады.  Сынып оқушыларының барлығы ортаға шығып «Қара жорға» биін билеп, ата-аналараға жақсы көңіл күй сыйлады. Оқушыларрға арнайы дастархан жасалып, наурыз көже таратылды.  Оқушылармен ойын ойнап,  наурыз мерекесіне байланысты викториналық сұрақта қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сый –сиапаттар берліді. Іс-шара кезінде оқушыларға салт дәстүрді көрсету мақсатында кішкентай бүлдіршіннің тұсауын мектеп-директоры Л.И.Нурмаханова кесіп, сөз сөйлеп барша аналарды және оқуышларады 22 Наурыз мерекесімен құттықтап іжылы лебізін және алғысын білдірді. Іс-шара өте кызықты жоғары деңгейде өтті. 


Педагог-ұйымдастырушы                                  М.К.Усенова